Құлдар елі...
Құлдар елі...
6 жыл бұрын 4427 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Walk Free Foundation деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымының жыл сайынғы кезекті баяндамасы жарияланды. Әлемнің әр түкпіріндегі құлдық туралы. Аталмыш тізімде Еуропа мен Орта Азия бойынша бірінші орыннан Түркіменстан көрінген. Аталған елдегі құлдықтың түріне адам еңбегін қанау, яғни, мәжбүрлеп жұмысқа жегу жатады. Дәлірегі, мақта жиын-теріініне бюджетке күні қараған қызметкерлер тартылады. Аталмыш ұйым сарапшылары түзген рейтингте әр елдің "құлдық индексі" белгіленеді: 1000 тұрғынға шаққанда қанша адамның құлдыққа түскені қаперге алынады. Түркіменстанда бұл индекс - 11,2. Екінші орынға Беларус табан тіреген - 10,9; ал үшінші орынға Македония (8,7) жайғасқан. Төртінші орында Грекия, Албания, Түркия, Украина, Хорватия, Черногория және Литва. Түркіменстанда құлдық секілді ескінің сарқыншағының әлі күнге тыйылмай отырған себебіне аталған ел экономикасының әлі күнге толық нарық принципіне көшпегені, кеңестік кезеңнен қалған әміршілдік-әкімшілдік жүйе болып отыр. Бұдан бөлек, авторитарлы режим де бұл әлеуметтік жат құбылыстың өршуіне апарып соқтыруда. Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын "Түркімендер елден нан таппай кетіп жатыр" деген хабарымызда аталған республикадағы бүгінгі күні қалыптасып отырған экономикалық ауыр ахуалды сөз еткенбіз. Елі аштық алдында тұрғанына қарамастан Түркіменстан президенті Құрбанұлы Бердімұхамедов биыл 520 мың еуроға Mini Cooper автокөлік сатып алды. Ралли десе ішкен асын жерге қоятын президенттің қызметтік көлік болса бір сәрі, ермек үшін осынша қымбат автокөлік сатып алғанын әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, күлкіге айналдыруда. Бұл айында Ura.ru ақпарат көзі Түркіменстанның мемлекеттік биржасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.  

0 пікір
Мұрағат