Қоршаған ортаның ластануынан жылына 1,7 млн бала қайтыс болады
Қоршаған ортаның ластануынан жылына 1,7 млн бала қайтыс болады
7 жыл бұрын 2710 egemen.kz

Жыл сайын қоршаған ортаның ластануынан 5 жасқа толмаған 1,7 млн бала қайтыс болады. Бұл осы жастағы балалар өлімі көрсеткішінің төрттен бірін құрайды, деп жазады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты.

«Қоршаған ортаның ластануынан, оның ішінде тұрғын үйлердегі ауаның ластануы, темекі түтіні, тазартылмаған су, санитарлық жағдайдың төмендігі мен гигиенаның дұрыс сақталмауынан жыл сайын әлем бойынша 5 жасқа толмаған 1,7 млн бала қайтыс болады», делінген баяндамада.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, жыл сайын тыныс алу органдары ауруынан 570 мың бала, сапасыз судан болған асқазан ауруынан, гигиена мен нашар санитариядан 360 мың бала қайтыс болады. Сонымен қатар дүниеге келген соң бір айдың ішінде 270 мың бала өмірден өтеді. Ал  безгек ауруынан 200 мың, қоршаған ортаға байланысты түрлі жарақат пен улану салдарынан 200 мың бала көз жұмады.

0 пікір
Мұрағат