"Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер": Бірде-бір қылмыс жазасыз қалмауы керек
"Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер": Бірде-бір қылмыс жазасыз қалмауы керек
6 жыл бұрын 6226 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық қылмыстық сот жанындағы бас прокурор сот төрағасына Мьянмадан Банладешке Бирмадағы азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың будда радикалдарының зорлық-зомбылығынан бас сауғалап босып кетуіне кінәлілерді жауапқа тартуға заңды құзыретінің бар-жоғына орай тиісті қаулы шығаруын сұрап, өтініш түсірді. Егер қаулы шығарылса, бұл құжат прокурор Фат Бенсудаға өз кезегінде рохиньялық мұсылмандардың басындағы жағдайды адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастыруға әрі тиісті тергеу амалдарын жүргізуге мүмкіндік бермек. Бұл жайында AlJazeera ақпарат көзі хабар таратты. Халықаралық қылмыстық сот төрағасына түсірген шағымында прокурор 2017 жылдың тамыз айында 670 мыңнан аса рохиньялық мұсылмандардың Мьянмадағы атамекенінен жергілікті зорлықшылардың кесірінен қуылған дәлел ретінде келтірген. "Бұл дерексіз, яғни, абстрактілі мәселе емес, нақты мәселе болғандықтан сот өзінің тергеу амалдарын жүргізуге, қажет болған жағдайда кінәлілерді жауапқа тарту құзыретін жүзеге асыра алады",- деп мәлімдеді прокурор. Алайда, мұның бір кілтипаны бар - Банладеш халықаралық қылмыстық соттың мүшесі болғанымен Мьянма мүшесі емес. Сол себепті, азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандарға қысым көрсетіп, жәбірлеген аталған ел билігін істеген қылмысына орай жауапкершілікке тарту қиын. 

0 пікір
Мұрағат