Қасиетті Меккені зымыранмен атқылады
Қасиетті Меккені зымыранмен атқылады
7 жыл бұрын 11698 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудиялық әскерилер қасиеті Мекке қаласы маңынан соғыс жүріп жатқан Йемен тарапынан жіберілген баллистикалық зымыранды атып түсірді. Бұл жайында Франс Пресс ақпарат агенттігі Сауд Арабиясы басқарған араб коалициясының бас қолбасшылығына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, баллистикалық зымыранды саудиялық әскерилер қасиетті қалаға 69 шақырым жердегі қашықтықта атып түсірген. Мұны бүлікші шииттік хусит тайпасы өз мойнына алып отыр. Айта кетейік, хуситтердің Сауд Арабиясын зымыранмен атқылауы бірінші жағдай емес. Ақпан айында «Боркан-1» деп аталатын зымыранмен Саудия астанасының батысында орын тепкен Мазахимия әскери базасын нысанаға алған болатын. 2016 жылы Тайып қаласын да зымыранмен атқылаған еді. 

0 пікір
Мұрағат