Қару сатудан қай ел көш бастап тұр?
Қару сатудан қай ел көш бастап тұр?
7 жыл бұрын 3787

Жуырда жарияланған АҚШ Конгресінің мәліметіне қарағанда, 2015 жылы Вашингтон қару сатудан жалпы сомасы 40 млрд долларды құрайтын келісім-шартқа отырған. Түрлі елдермен. Бұл көрсеткіш сол жылы әлем бойынша қару-жарақ сатудан түсетін барлық пайданың қақ жарымын құраған. Осылайша, аталған алпауыт ел қару-жарақ сатудан көш бастап, әлемдегі өзінің жетекшілік орнын сақтап қалған. Бұл жайында The New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Ал екінші орынған Франция жайғасқан. Одан кейінгі орыннан Ресей Федерациясы табылған екен. Қытай төртінші орынды місе тұтқан (6 млрд доллар). 

Америкалық сарапшылардың пайымдауынша, жылдан жылға қару-жарақ саудасы құлдырап келеді. 2014 жылға қарағанда 2015 жылы қару-жарақ саудасы 10 пайызға кеміген. Қытайдан кейінгі орындарда: Швеция, Италия, Германия, Түркия, Ұлыбритания және Израиль.

Енді қару-жарақты сатып алушыларға келсек, Катар – 17 млрд доллар, Мысыр – 12 млрд доллар, Сауд Арабиясы – 8 млрд доллар жұмсаған сол жылы.

Айта кету керек, әлемде қару-жарақ саудасынан түсетін табыс 9 лрд-қа кеміген 2015 жылы. 2014 жылы 89 млрд долларды құраса, 2015 жылы 80 млрд доллар болған. 

0 пікір
Мұрағат