Қарттарға қамқорлық көрсететін қор құрылды
|
Канада бизнесінің тасын өрге домалатып отырған көрнекті мұсылман жетекшілері ардагерлер отбасына көмектесу мақсатында Торонто қаласындағы орталық мешітте арнайы қор құрды. Аталмыш қор True Patriot Love Foundation қайырымдылық қорымен тізе қосып жұмыс істейді. Яғни, игі бастамаға ұйытқы болғандар Salaam-TPL қоры арқылы Канада азаматтары мен мұсылмандар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты жоюды көздейді. Бұл қор үстіміздегі жылдың қараша айының 10-ы күні ашылған болатын. Оның ашылу салтанатына осы қорға 100 000 доллар қаражат бөлген Paramount Fine Foods-тың бас директоры Мұхаммед Факих пен K.KhanGrouр-тың бас директоры Кашиф Хан қатысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Әлемдегі ең шапшаң тікұшақ алғаш рет ұшты (видео)