Қажылыққа бару үшін алдымен құдайды жоққа шығаратындарға ант беруің керек немесе қасиетті сапарға аттануға жас шектеуі мұсылман елінде де кездеседі
Қажылыққа бару үшін алдымен құдайды жоққа шығаратындарға ант беруің керек немесе қасиетті сапарға аттануға жас шектеуі мұсылман елінде де кездеседі
6 жыл бұрын 5628 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Синьцзян аймағындағы ұйғыр мұсылмандары қасиетті сапарға аттанар алдында алдымен коммнуистік партияға адал екенін айтып, ант-су ішуі керек. Тарқатып айтқанда, Қытай билігі ашқан арнайы сайтқа тіркеліп, өзінің жеке басының мәліметтерін келтіруі керек: жасын, жұмыс орнын, денсаулығын, тұрмыстық жағдайын, т.б. Бірден айта кету керек керек, аталған аймақтағы үйғыр мұсылмандарының қажылыққа бару мүмкіндігіне тек 50-70 жастағы ақсақалдар ғана ие. Яғни, қатаң шектеу қойылған. Бұл шектеу аталған аймақта тұратындарға қатысты, ал Үрімші қаласындағы мұсылмандар 5 жастан кіші болмауы керек. Сондай-ақ, қасиетті сапарға атттануды алдына мақсат етіп қойғандар сайтта Қытай коммунистік партиясына адалдығын айтып, ант беруі тиіс. Қанша ерсі көрінсе де, ақылға сыймайтын басы артық әуре болса да, талап сондай. Бұл жайында Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының өкілдері мәлім етті. Қажылыққа баруға шектеу қою тек Құдайды жоққа шығаратын атеист қоғамда ғана емес, мұсылман елінде де кездеседі: Тәжікстанда жасы 40-қа толғандар және аталған жастан асқандар ғана бара алады.

0 пікір
Мұрағат