Қажыларға қатысты ереже қатаңдатылады
Қажыларға қатысты ереже қатаңдатылады
3 ай бұрын 852 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: Sony Herdiana

Биыл тек жаңа үлгідегі биометрикалық шетелдік төлқұжаты (жарамдылық мерзімі он жылға шақталған) бар адамдарға ғана қажылыққа жіберіледі. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биыл Саудия билігі қажылық визасы бойынша келуді қатаң бақылауына алады. Туристік визамен келіп, қажылықтың жөн-жоралғысын орындағандарға айыппұл салынады. Қажылыққа қатысты барлық процесті цифрландыру аясында бұқараның логситикасын сауатты ұйымдастыру, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қасиетті орындарға ниеті басқа біреулердің келуіне жол бермеу шаралары қолға алынады. Бұдан бөлек, ықтимал радикалды насихаттардан қажыларды қорғау шарасы да қарастырылған. Осы орайда биылғы қажылық маусым айының 15-19-ы күндері аралығына тұспа-тұс келетінін айта кетеміз.

0 пікір
Мұрағат