Қайдан қаптап кеткен экстремистер бұл?
Қайдан қаптап кеткен экстремистер бұл?
8 жыл бұрын 2721

Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің экстремизмге қарсы 282-ші бабы (жаулық пен араздықты қоздырушы) бойынша темір тордың ар жағына тоғытылғандардың қарасы 2011 жылдан бері үш есеге көбейіп кеткен. Бұл жайында «Газета.Ru» ақпарат көзі Экономикалық және саяси реформалар орталығының баяндамасында айтылған мәліметтерге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мәселен, 2011 жылы аталған бап бойынша 137 адам айыпталып, сотталған екен. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 114 адамға жеткен. Сондай-ақ, ҚК-тің 280 және 280-ші баптың 1-ші тармағы (экстремистік және сепаратистік әрекеттерге шақыру) әрі 280-ші баптың 2-ші тармағы (аталған әрекеттерді бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтор арқылы шақыру) бойынша жауапкершілікке тартылып, жазаға кесілгендер көбейіп кеткен. 

0 пікір
Мұрағат