Қағбаға жанаспау: биылғы қажылықтың жаңа тәртібі
Қағбаға жанаспау: биылғы қажылықтың жаңа тәртібі
4 жыл бұрын 3566 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі пандемияға байланысты биылғы қажылық үшін арнайы ережені бекітті. Аталмыш ережедегі талаптар жұқпалы індеттің одан ары таралуына жол бермеуге, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саяды. Сондай талаптардың бірінде бір жерге топтанып жиналуға тыйым салу қарастырылған. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты.Осы орайда естеріңізге сала кетсек, жергілікті қажылардың қарасы шамамен 1000 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданған болатын. Ал шетелдік қажылар биылша қасиетті сапарын шегере тұруына тура келеді. Қажылар, сондай-ақ, парызын өтеу барысында бір-бірінен кем дегенде бір жарым метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Қасиетті Қағбаны тәу етіп айналған кезде де бұл талап сақталуы тиіс. Шілде айының 19-нан тамыздың 2-не дейін Минаға, Муздалифка және Арафатқа қатысты шектеу алынады. Қажылар үшін. Тұмылдырық тағу міндетті талаптардың бірі. Саудияның дін істері жөніндегі министрлігі мәлімдегендей, шілде айының 28-і мен тамыздың 2-і аралығында өтетін қажылық парызын өтейтіндер саны 10 мың адам деп көрсетілген. Олардың барлығы Саудия аумағында жүрген азаматтар болуы тиіс. Жаңа ереже талабына сәйкес қажылық квотасының 30%-ы саудиялықтарға бөлінген. 70%-ы Саудия аумағында тұрып жатқан, жасы 20-50 жас аралығындағы шетелдік азаматтарға тиесілі. Саудиялықтарға бөлінген квотаны тек полиция мен медицина қызметкерлеріне беріледі. Пандемиямен күресте алғы шепте жүргені үшін оларға осылай құрмет білдіріледі. Биыл қажыларға қойылатын талаптардің бірі – алдын ала тест тапсырып, індетті жұқтырмағанын растауы тиіс. Бұдан бөлек, созылмалы ауруы бар адамдарға қажылық парызын өтеуге рұқсат етілмейді.

0 пікір
Мұрағат