Португалия 2020 жылдан бастап целлофан пакеттен бас тартады
Португалия 2020 жылдан бастап целлофан пакеттен бас тартады
5 жыл бұрын 1745 7kun.kz Таңшолпан Ғазизқызы

Таяу арада Португалияға келіп, дүкенге бара жатқан туристер целлофан пакеттерін немесе бір реттік азық-түлік контейнерлерін пайдалана алмайды. Жасылдар партиясы ел парламентіне жеміс-жидектер, көкөністер мен нанға арналған целлофан орамдарынан бас тарту туралы заң жобасын енгізді. Депутаттар оны бірінші оқылымда қабылдады, — деп хабарлайды РИА Новости «Еуро Пульс» агенттігіне сілтеме жасап.

Барлық дүкендер қайта өңдеуге келмейтін жеңіл пластиктен жасалған қаптамаға экологиялық балама табу керек.

2021 жылы Еуропалық Одақ бірнеше рет пайдаланылатын пластмасса бұйымдарын сатуға тыйым салады.

Тыйым салынған заттарға пластиктен жасалған бір реттік ыдыстар, бір реттік азық–түлік контейнерлері және басқа да пластикалық бұйымдар кіреді. 2030 жылға қарай ЕО-да барлық пластиктің 50%-дан астамы өңделеді деп күтілуде.

0 пікір
Мұрағат