Пластикпен күресті салық салу арқылы жүргізбек
Пластикпен күресті салық салу арқылы жүргізбек
22 күн бұрын 249 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швеция билігі 2020 жылы пластикалық пакетті пайдаланғандарға салық салмақ. Бұл жайында TV4 ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ел қоршаған ортаны ластаушылармен осылайша күресіп көрмек. Нақтырақ айтқанда, стандартты пакет үшін салынатын салық мөлшері 3 крон (шведтердің ұлттық валютасы) немесе 0,33 долларды құрамақ. Ал жұқа пакетті пайдаланғандарға салынатын салық мөлшері азырақ болады - 0,3 крон. Яғни, Швеция үкіметі Еуроодақтың жылына бір адам пайдаланатын пластик пакет саны 40-тан аспауы тиіс деген талабын орындамақ. Бұл шара өз кезегінде аталмыш ел бюджетіне қосымша 2,9 млрд крон (шамамен 320 млн доллар) табыс түсіреді. Естеріңізде болса, жапондардың бір жолға пайдаланылатын пластик пакеттерге ақылы жүйе енгізетінін хабарлаған болатынбыз. Бұл жоба бойынша тұтынушыларға тегін пакет беруге тыйым салынады. Пластик пакетті пайдаланғысы келетіндер пакетті сатып алуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат