Бір ғана елде 3 жылда есірткімен күрестің кесірінен 6 жарым мыңнан аса адам мерт болған
Бір ғана елде 3 жылда есірткімен күрестің кесірінен 6 жарым мыңнан аса адам мерт болған
5 жыл бұрын 1777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Филиппинде айналдырған үш жыл ішінде есірткімен қарқынды жүргізілген күрес кезінде шамамен 6,6 мың адам опат болған. Бұдан бөлек, 240,5 мың адамның қолына кісен салынып, темір тордың арғы жағына тоғытылған. Сондай-ақ, 1,28 млн адам өз еркімен берілген. Бұл жайында Manila Bulletin мерзімді басылымы аталған ел полициясының дерегіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, филиппиндік полиция өкілі Оскар Албаялде 2016 жылдың маусым айының 1-нен 2019 жылдың мамыр айының 31-не дейінгі аралықта ел аумағында жүргізілген есірткіге қарсы күрестің нәтижесін жариялаған болатын. Оның айтуынша, 42 мың кварталдың  немесе елді-мекеннің 12,2 мыңы есірткіден азат етілген. Есірткімен қарқынды күрестің нәтижесінде 32,4 млрд филиппиндік песоға (шамамен 625 млн долларға) бағаланған есірткі мен зертханалық құрал-жабдық тәркіленген. естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың мамыр айында аталған елдің президенті болып сайланған Родриго Дутерте тұтас елді шырмауықтай жайлаған ескрткімен күресті өзінің басты міндеті етіп белгілеген болатын. Әлем қауымдастығы есірткі елі атап кеткендіктен бұл абыройсыз атақтан құтылу үшін Филиппин билігі жатпай-тұрмай күрес жүргізуде. Азаматтық соғыстан кем түспейтін бұл күресте талай адам қосақ арасында кетіп, нақақ өлгендері қаншама. Біріккен Ұлттар Ұйымы аталған ел билігін есірткімен күрес шараларында шектен тыс қаталдығын, күдіктілерді сотсыз-тергеусіз атып тастайтын әрекетін сынға алған болатын. 

0 пікір
Мұрағат