Пияз қымбаттап, асыл тастар мен алқа бұйымдарына қалай айналды? (фото)
Пияз қымбаттап, асыл тастар мен алқа бұйымдарына қалай айналды? (фото)
7 жыл бұрын 4596 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранда пияз бағасы шарықтап кетті. Көкөністің бұл түрінің қымбаттауына, біріншіден, өнім түсімінің аз болуы әсер етсе, екіншіден, сұраныс кеміген. Фермерлердің айтуынша. Нақтырақ айтқанда, пияздың бір келісі осынау парсы елінде 3500 томан тұрады. Яғни, 0,1 доллар. Ал бұрынғы бағасы қандай еді - шамамен 400 томанды (0,01 долларды) құраған. Аз уақыттың ішінде он есе қымбаттаған. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Қазіргі уақытта пияздың қымбаттауына байланысты қалтасы жұқа ирандықтар көкөністің бұл түрін сатып алуға шамасы келмей отыр. Әлеуметтік желіде пияздың қымбаттағанын әжуаға айналдырып жатқандар бар. Олар осылайша өз наразылықтарын білдіруде. Яғни, пиязды аса қымбат асыл тастар мен алқа бұйымдарымен қатар қойып, биліктің назарын осылайша аталған мәселеге аударуда. 

Лук стал предметом роскоши для иранцев – почему?

0 пікір
Мұрағат