Палестина көсемі абақтыға жабылар алдында саяси «өсиет» қалдырды (ВИДЕО)
Палестина көсемі абақтыға жабылар алдында саяси «өсиет» қалдырды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4764

«1948 жылы жаулап алынған Палестина аумағындағы ислам қозғалысы» деп аталатын ұйым жетекшісі Раид Салаһ «зорлық-зомбылыққа шақыру» айыбы бойынша Изриал түрмесіне тоғыз айға қамалды. Изрил билігі 2007 жылдан бері оның соңынан түскен болатын. Яғни, Израил билігі еврейлерге Ақса мешітіне (мұсылмандардың қасиетті үшінші мешіті) кіруге рұқсат берген кезден бастап. Израил билігінің бұл қадамын қатаң мәлімдеме жасап, сынға алғаны үшін Раид Салаһ қуғындауға ұшыраған еді.  

Раид Салах с ортодоксальными иудеями, членами антисионистского движения "Нетурей Карта"

Раид Салаһ Израилге қарсы  «Нетурей Карта» қозғалысының мүшелері болып табылатын ортодоксалды иудейлер арасында

Ол өзіне тағылған айыптың саяси астары барын айта келіп, Израил билігінің қысымынан ықпайтынын жеткізді. Ол абақтыға жабылар алдында палестиналықтарды Ақса мешітін иудаландыру саясатынан барынша қорғауға шақырды.

«Мен итикаф үшін оңашаланамын тоғыз айға. Жау қолында қалған қасиетті Ақса мешіті мен Құдысты сіздердің қорғауларыңызға қалдырамын»,- деді ол "Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Ол үшін палестиналықтар Ақса мешітінде көптеп жиналып, еврейлердің емін-еркін жайлап алуына жол бермеуі керектігін де айтты.

 
0 пікір
Мұрағат