Өзге елдердің валютасын Қытай қалай бақылайды
Өзге елдердің валютасын Қытай қалай бақылайды
6 жыл бұрын 4276 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай баспаханасы өзге мемлекеттердің ұлттық валютасын басып шығаруға қатысты тапсырыстың астында қалды десе де болды. Әсіресе, қытайдың "Бір белдеу - бір жол" жаһандық жобаға қатысатын елдерден тапсырыс көптеп түсуде. Бұл жайында The South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Бұл да Қытайдың соңғы ондаған жыл ішінде әлемдегі өзінің экономикалық және саяси ықпалының артқанын көрсетіп берді. Мемлекеттік құнды қағаздарды басып шығару және шеку жөніндегі корпорация жетекшісі Лю Гуйшэннің айтуынша, осы уақытқа дейін Қытайда бірде-бір шетел ақшасы басып шығарылмаған еді. "Бір белдеу - бір жол" хаһандық жобасы іске қосылған сәттен бастап, яғни, 2013 жылдан бері алғаш рет 100 рупилік непалдық купюрды басып шығару қолға алынған. Сол сол-ақ екен, аталмыш корпорация Тайландтан, Бангладештен, Шри-Ланкадан, Малайзиядан, Польшадан, Бразилиядан тапсырыс алған. Аты аталмаған мемлекеттер де баршылық ақша басуға тапсырыс берген. Бұл ақпаратты жарияламауды сұраған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қытайда ақша басып шығаратын ондаған баспахана бар. Бұл бспаханаларда жұмыс істейтіндер қарасы 18 мыңнан асып жығылады. Салыстыру үшін айта кетсек, АҚШ-тағы ақша басып шығаратын бюро қызметкерлерінің қарасы 2 мыңнан аспайды. Ал De La Rue британдық компанияда ақша басып шығарумен 3,1 мың адам айналысады. Десе де Қытайда кейінгі кезде соңғы технологиялық жетістіктерге байланысты қалта телефонымен есеп айырысу кеңінен етек алып келеді. Яғни, қағаз ақшаға және тиынға қажеттілік азайып келеді. Бұл олқылықтың орнын өзге елдердің тапсырысы толтырып отыр. Қытай билігі келтірген мәліметке қарағанда, 2016 жылы бөлшек сауданың тек 10%-ы ғана қолма-қол ақшамен есеп айырысумен жүзеге асырылған. Тағы бір айта кететіні, осы уақытқа дейін әлем елдерінің ұлттық валюталары батыс елдерінде басып шығарылып келген еді. Мәселен, британиялық De La Rue компаниясы 140 елдің ақша белгісін басып шығарып келген болатын. Ал немістердің Giesecke & Devrient компаниясы әлемнің 60 елінің ұлттық валютасын басып шығарып келген болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қытайдың Zhongchao Special Security Technology компаниясы шетелдің ақшасын басып шығаруда көш бастап, бірінші орынға шыққан еді. 

0 пікір
Мұрағат