«Өздігінен өсіп-өнетін» гендерге қатысты тәжірибеге шектеу қойылуы мүмкін
«Өздігінен өсіп-өнетін» гендерге қатысты тәжірибеге шектеу қойылуы мүмкін
5 жыл бұрын 2537 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) жабайы табиғатқа тиетін пайдасы да ұшан-теңіз әрі сонымен қатар, зияны да шаш-етектен, «өздігінен өсіп-өнетін» деп аталып кеткен гендерге қатысты тәжірибе жүргізуге нақты шектеу енгізуді ұсынды. Бұл жайында аталмыш ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті. "Синтетикалық биология қарқынды даму үстінде, табиғи және қолдан жасалған организмдер арасындағы айырмашылық жойылып барады. Бұл процестің оңды жағы да, теріс жағы да бар. Біздің есебіміз адамзат үшін де, қоршаған орта үшін де оны пайдалы әрі қауіпсіз етуге көмектеседі»,- деп мәлімдеді синтетикалық биология жөніндегі IUCN-нің арнайы комиссия жетекшісі Кен Редфорд (Ken Redford). CRISPR/Cas9 жаңалығы (CRISPR/Cas9 — бұл бактерияның жоғары иммундық жүйесіне негізделген жоғарғы организмдердің генін редакциялаудың жаңа технологиясы)  мен ДНК-ның жаңа буын редакторлары ғалымдарды оны гендердің «қажетті» нұсқаларын түрлі тіршілік иелерін популяциясының өсіп-өнуіне пайдаланып көруге итермеледі. Мәселенің мәнісі сонда, аталмыш жүйені бір жасушалы тіршілік иесінің немесе көп жасушалы жануарлардың геніне енгізудегі мақсат – «дұрыс емес» ген көшірмесін жойып, олардың орнына барлық жасушадағы ДНК-нің «қажетті» тізбегімен алмастыруға саятын еді. Тарқатыңқырап әрі нақтырақ айтқанда, паразит тарататын масалар мен бүргелердің адам мен қоршаған ортаға зиянды түрлерін жойып, жануарларды түрлі аурулар мен вирустарға төзімді етуді көздейді. Десе де табиғаттың «ісіне» аралспауды қалайтын саясаткерлер мен ғалымдардың дені мұндай тәжірибеге наразылық білдіріп отыр. Өткен аптада Халықаралық жабайы табиғатты қорғау ұйымының сарапшылары аталмыш мәселеге өз пікірлерін білдірді. Олар мұндай технологияны дамытудың жақсы жағы мен теріс жағын әрі табиғатта қолданудың салдарын сарапқа салып, осыған байланысты талдау материалдарын Біріккен Ұлттар Ұйымына және IUCN-ға мүше елдердің экологиялық құзырлы органдарына жөнелтті. Аталмыш технологияның жабайы табиғатты қорғауда әрі құрып бара жатқан жануарларды сақтап қалуда пайдасы көп. Мәселен, осындай жолмен экологтар қос құрлықты мекен ететін жануарлар мен бақалардың бірнеше миллионын жойған Bd саңырауқұлақ-«киллеріне» амфибия бой алдырмайтын болады. Сондай-ақ, осындай жолмен Маса мен безгектен қарасы шапшаң азайып келе жатқан Гавай аралдарындағы құстарды сақтап қалуға болады. Екінші жағынан, молекулярлық биологтар өздігінен өсіп-өнетін гендердің жабайы жануарлар популяциясына еніп, олардың жаппай қырылуына себеп болуы да мүмкін. Бұл қырғында тоқтату мүмкін болмай қалады. Бұдан бөлек, экзотикалық жануарларды заңсыз аулап, заңсыз саудалайтындар өздігінен өсіп-өнетін гендерді «тарататындарды» жергілікті экологиялық жүйенің маңызды бөлігін құрайтын инвазивтік түрлері мекен ететін ортаға әкелуі мүмкін. Ғылыми сарапшылар мен экологтар, сонымен қатар, аталмыш одақтың жетекшілері мен оның құрамына кіретін дипломаттар бұл мәселе бойынша IUCN-нің бүкіл әлемдік кезекті конгресі өз жұмысын бастайтын 2020 жылдың орта шенінен дейін, дәлірегі, маусым айына дейін бірыңғай стратегия әзірлейтін болады.

0 пікір
Мұрағат