Өзбекстанда Георгия лентасына тиым салынды
Өзбекстанда Георгия лентасына тиым салынды
8 жыл бұрын 2613

Өзбекстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында ел билігінің Екінші дүниежүзілік соғыстың символына айналған (Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер аумағында) Георгия лентасын елдің көзінше тағып жүруге жасырын тиым салынған. Бұл жайында  «Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты. Кей ақпаратқа қарағанда, полиция тұрғындардың автокөліктеріне тағып алған Георгия лентасын тура мағынасында жұлып алған көрінеді. Айта кетейік, бұрын өзбек ғалымдары мен зиялылары Ташкент қаласының әкімдігі мен Өзбекстан ішкі істер министрлігінен тұрғындардың Георгия лентасын қоғамдық орындарда тағып жүруіне тыйым салуды талап еткен болатын. Зиялылардың айтуынша, Георгия лентасы орыс отаршылдығының белгісі ретінде қабылданады бұл елде. «Ресей патшасы тұсында ресейлік әскері Өзбекстанды жаулап алғанда олардың кейбір қолбасшылары Георгия лентасымен және орденімен мараптталған. Бейбіт өзбектердің талайы колонизация кезінде опат болған»,- деді тарихшылар. 

0 пікір
Мұрағат