Өткен жылы әлемде қанша адам соғыстан опат болды?
Өткен жылы әлемде қанша адам соғыстан опат болды?
8 жыл бұрын 2895

2015 жылы әлемдегі қақтығыстар ошағында жүріп жатқан әскери ұрыс қимылдарынан 167 мыңға тарта адам опат болған. Осы көрсеткіштің үштен бірі Сириядағы соғыстан көз жұмғандар құрайды. Бұл мәлімет Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының баяндамасында айтылған. «Тұтастай алғанда өткен жылы соғыстан қаза тапқандар 2014 жылғымен салыстырғанда азайған»,- деп айтылған аталмыш баяндамада. Қарулы қақтығыстың тағы бір ошағы саналатын Ауғанстандағы жағдай да көңіл көншітпейді: 2013 жылы 3,5 мыңға жуық адам ажал құшса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 15 мыңға жеткен. Адам өлімінің дені – 80 пайыздан асады – алты қақтығыс ошағына тән болып отыр: Сирия, Ирак, Ауғанстан, Нигерия, Орталық Америка және Мексика.Сондай-ақ, соңғы үш жылда қақтығыс ошағынан бас сауғалаған босқындар қарасы артқан. 2013 жылы әлем бойынша 33 млн адам босып кеткен. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 43 млн-ға жеткен. 2015 жылы жарты жылдың ішінде 46 млн-нан асқан.

0 пікір
Мұрағат