Орта Азияда қанша адам аштыққа ұшыраған
Орта Азияда қанша адам аштыққа ұшыраған
6 жыл бұрын 2566 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Орта Азия елдерінде 5,6 млн-ға тарта адам ашқұрсақ жүреді, яғни, тойып тамақтана алмайды. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық бағдарламасы аясында жасалған «Еуропадағы және Орта Азиядаға азық-түлік және тағам қауіпсіздігі саласындағы істің мән-жайы – 2017 жыл» деп аталатын ат қойып айдар тағылған баяндамада айтылған. Аталған баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, Орта Азия елдері ішінде аш жүретіндердің дені Тәжікстанда болып шықты - 2,6 млн адам. Яғни, ел тұрғындарының шамамен үштен бірін құрайды. Ал екінші орында Өзбекстан тұр – 1,9 млн адам немесе 6,3%. Ал үшінші орынға Қырғызстан жайғасқан – 0,4 млн адам немесе 5,5%. Тек Қазақстанда ғана мұндай әлеуметтік дерт орын алмаған. Жалпы алғанда, Еуропа мен Орта Азияда ұзын саны 14,3 млн адам ашқұрсақ өмір сүреді екен.

0 пікір
Мұрағат