Орта Азия топырағының 50%-дан астамы құнарынан айырылған
Орта Азия топырағының 50%-дан астамы құнарынан айырылған
5 ай бұрын 586 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде Күллі әлем бойынша құрлықтағы топырақтың 40%-ы, ал Орта Азияда топырақтың 50%-дан астамы эрозиядан, тасқын-селден, құрғақшылықтан, сордан, органикалық заттар мен түрлі тыңайтқыштардан, ластаушы заттардан тозып, құнарынан айырылған. Бұл жайында islam.kz порталы eldala.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Топырақтың тозуы, яғни, жер дегредациясы ең күрделі сипат алған экологиялық тығырықтардың біріне жатады. Орта Азия аймағындағы топырақ негізінен жөнсіз пайдаланылған мал жайылымынан, орман-тоғайды отаудан, сордан, эрозиядан құнарсызданған. Бұл экологиялық фактор өз кезегінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне, биологиялық әр алуандылыққа, сондай-ақ, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Сарапшылар азық-түліктің 95%-ның су мен топырақ секілді ттабиғи ресурстардан өндірілетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат