Ораза ұстағандарды Рамазанда жұмыстан уақытша шеттетуі мүмкін
Ораза ұстағандарды Рамазанда жұмыстан уақытша шеттетуі мүмкін
6 жыл бұрын 5318 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Германия үшін балама" (AfD) деп аталатын ультра оңшыл партияның парламенттегі өкілдерінің бірі қасиетті Рамазан айында дәрігер, ұшқыш, қоғамдық көлік жүргізуші, машинист болып істейтін мұсылмандарды уақытша жұмыстан босатуды талап етті. Ауыз бекіткендердің еңбекке қабілетті болмайды, жауапкершілігі ауыр жұмыста адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді деген желеумен. Бұл жайында The News ақпарат көзі хабар таратты. "12 сағат бойы нәр сызбаған хирург пациентке неліктен ота жасауы тиіс",- деп көсілді Мартин Сихерт есімді оңшыл радикал саясаткер. "Көптеген сағатқа созылған шөлден жұмысқа ынтасы кем адамның жолаушыларды неге тасымалдауы тиіс",- деді артынша. Сөз орайы келгенде айта кету керек, еуропалық саясаткерлер бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, осындай мәлімдеме жасап жүр. Бірінен кейін бірі. Неміс депутатынан бөлек, осыдан бірер күн бұрын, дәлірегі, қасиетті Рамазан айының бас кезінде дат министрі Ингер Стойберг те осы тақылеттес мәлімдеме жасап, шу шығарған еді. 

0 пікір
Мұрағат