Ойын алаңында сәжде еткені үшін жазаланатын болды
Ойын алаңында сәжде еткені үшін жазаланатын болды
10 жыл бұрын 3225

Американың  Канзас-Сити клубының мұсылман ойыншысы Хұсейн Абдулла Нью-Ингленд Пэтриотсқа қарсы матч кезінде сәтті ойын өрнегін көрсетіп, Жаратқанға шүкіршілігін білдіру мақсатында жасыл алаңда сәжде еткені үшін жазаланатын болды. «Спортқа тән емес қылық шығарғаны үшін» деген желеумен. Бұл жайында AJC.com ақпарат көзі хабар таратты. Спорт шолушыларының дені оны сәжде еткені үшін жазалауды әділетсіздік деп отыр. Өйткені, христиан ойыншылары да сәтті ойын көрсеткен кездерінде мойындарына тағып алған айшықтарын сүйіп, шоқынып жататыны бар.

0 пікір
Мұрағат