Мұсылмандардың көз алдында доңыз етін жеген азамат тиісті жазасын алды
Мұсылмандардың көз алдында доңыз етін жеген азамат тиісті жазасын алды
7 жыл бұрын 4839 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Стокгольмнің 53 жастағы тұрғыны қала маңына қатынайтын пойызда мұсылмандардың көзінше бекон жегені үшін жауапкершілікке тартылды. Тарқатып айтқанда, ер адам шариғат шәлісін жамылған үш әйелдің алдына отырып алып, доңыз етін әдейі жеген. Жолаушы мұсылмандар басқа орынға барып жайғасса да олардың соңынан қалмай, доңыз етінен жасалған тағамды жеуін жалғастырған. Бұл жайында marsta.nu ақпарат көзі хабар таратты. Осыған байланысты ол сотта айыпты деп танылды - нәсілдік белгісіне қарай араздықты қоздырғаны үшін. Бұл істі қараған соттың үкімі бойынша бекон жеген ер адам 1120 доллар айыппұл арқалап, бұған қоса, үш мұсылман әйелге моралдық зиян келтіргені үшін өтемақы төлейтін болды - әрқайсысына 630 доллардан. 

0 пікір
Мұрағат