Мұсылмандар мен христиандар жиырма жыл бойы ірге ажыратпай құлшылық етіп келеді
Мұсылмандар мен христиандар жиырма жыл бойы ірге ажыратпай құлшылық етіп келеді
8 жыл бұрын 3232

Пәкістанның Фейсалабад қаласында мұсылмандар мен христиандар ірге ажыратпай құлышылық етіп келеді. Аталған уақыт аралығында олардың арасында қандай да бір араздық пен алауыздық болған емес. Бұл жайында «islam.com.ua» порталы «The Asia News» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Назимабад ауданында орын тепкен мешіт пен католиктер шіркеуінің арасын бір қабырғана ғана бөліп тұр. Христиандар шіркеуі бұл жерде өткен ғасырдың 70-ші жылдары тұрғызылған еді. Ал мешіт іргетасы 1994 жылы қаланған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алғашқыда екі ғибадат ғимаратының арасы 100 метрдей алшақ болған екен. Кейін мешіт бірте-бірте кеңейтіле келе шіркеуге дейінгі аумақты алған. Олардың құлшылық ететін уақыты түрлі мезгілге сәйкес келгендіктен бір-біріне бөгет жасамайды. «Дауыс зорайтқыш мешіттің шатырында емес, ішінде орналастырылған христиандардың құлшылығына кедергі келтірмесі үшін»,- деді имам Қари Зүбайр (Qari Zubair). Бәшір әкей аталмыш шіркеуде қызмет етіп келе жатқанына, міне, 30 жылдан асыпты. «1994 жылы мұсылман бауырлар шіркеудің жанынан мешіт салсақ, сіздер қарсы болмайсыздар ма, деп, сұрады, біз керісінше оларға қолдау білдірдік»,- деді ол. Бір айта кетерлігі, мешіт пен шіркеудің жанында саябақ бар, мұсылмандар мен христиандар бос уақыттарында осы саябақта серуендеп, бір-бірімен әңгіме-дүкен құрады.   

0 пікір
Мұрағат