Мұсылман елінде жануарлардың құқығын қорғайтын заң қабылданайын деп жатыр
Мұсылман елінде жануарлардың құқығын қорғайтын заң қабылданайын деп жатыр
6 жыл бұрын 4509 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда көп ұзамай жануарлардың құқығын қорғауға бағытталған жаңа заң жобасы қарастырылады. Бұл жайында түріктердің NewsTurk ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш  жоба бойынша үй жануарларымен бірге жабайы жануарлар да заңмен қорғалады. Сондай-ақ, жануарға қатысты «қожайын» ұғымы мұлдем жоғалады. Яғни, «иттің иесі», «мысықтың қожайыны» ұғымдары жойылады. Осылайша үйсіз-күйсіз жануарлар да, үй жануарлары да заңмен бірдей қорғалады. Аталмыш заң жобасында бар-жоғы 27 бап бар. Соның ішінде, жануарға жәбір көрсеткендердің әрекеті қылмыстық іске жатқызылады. Яғни, жануарға жәбір көрсеткендер жауапкершілікке тартылып, жазаланатын болады. Мәселен, жануардың денсаулығына және өміріне қауіп төндіргендер немесе өлтіргендер сот үкімімен белгілі бір мерзімге  абақтыға жабылып, бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, жануарларды ұрғандар да жазадан құтылмайды. Жануарға жәбір көрсеткендер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат