МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДІҢ ОРАМАЛЫН ЖҰЛЫП АЛҒАНЫ ҮШІН ПОЛИЦЕЙ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ
МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДІҢ ОРАМАЛЫН ЖҰЛЫП АЛҒАНЫ ҮШІН ПОЛИЦЕЙ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ
8 жыл бұрын 2987 muslim.kz
Калифорния (АҚШ) штатының Лонг Бич қаласында тұратын мұсылман әйелі өзіне дөрекілік көрсетіп, басынан орамалын жұлып алған полицейдің үстінен сотқа шағым түсіріп отыр.

Кирсти Пауэлл есімді мұсылман әйелі өзін жұбайымен бірге серуендеп келе жатқанында кезекші тәртіп сақшылары тоқтатып, қамауға алу туралы екі бірдей ордерді көрсеткен. Оның бірі – Кирстидің әпкесі оның құжаттарын пайдаланғаны үшін десе, екінші ордер сонау 2002-жылы дүкеннен алған заттың ақшасын төлемегені үшін көрінеді.

Мұсылман әйелінің жанына батқаны – тұтқындауға сеп болған күлкілі себептер емес, полиция бөлімшесінде жәбір көргені болып отыр. Қара нәсілді мұсылман әйеліне полиция бөлімшесіндегілер орамалын шешуді талап етіп, ақыр соңында күшпен жұлып алған. Олар бөлімшеде орамал тағуға болмайтынын, сондай-ақ қамауға алынған әйелге күш қолдануларына болатынын айтып, доқ көрсеткен. Жәбірленген Кирсти полиция қызметкерлерінің үстінен сотқа шағым түсіріп отыр.

«Лонг Бич полицейлерінің бассыздығы – қара нәсілділерді мен мұсылмандарды шеттету мен кемсітушіліктің айқын көрінісі», – дейді Пауэллдің құқығын қорғауға кіріскен заңгерлердің бірі Ялда Сатар.

0 пікір
Мұрағат