Мешіттерді қиратып, орнына пұтхана салып жатыр (видео)
Мешіттерді қиратып, орнына пұтхана салып жатыр (видео)
4 жыл бұрын 2788 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Айдоһия қаласындағы Моғолдардың падишаһы Бабурдың пәрменімен тұрғызылған көне Бабри мешіті қиратылып, оның орнына пұтхана салынатын болды. 2019 жылдың қараша айының 9-ы күні аталған елдің жоғарғы соты осындай шешім қабылдаған. Үнділердің айтуынша, аталған ежелгі мешіттің орнында пұтқа табынушылардың Рама құдайы дүниеге келген сарай болған. XVI ғасырда мұсылмандар аталған сарайды жермен-жексен етіп, оның орнына мұсылмандардың ғибадат ғимаратын тұрғызған. 1992 жылы 150 мың адамнан тұратын үнді радикалдары осынау тарихи кешенді тас-талқан етіп, үйіндіге айналдырған болатын. Естеріңізде болса, соңғы уақытта үнді радикалдары ұлтшылдықты ту етіп, тарихи маңызы зор ислами ескерткіштер мен елді-мекендердің және жер-су атауларын өзгерткен болатын. Осылайша аталған ел аумағында исламды еске түсіретін бірде-бір белгі қалдырмауға бекем бел буып, асыра сілтеуге жол беріп отыр. Бұл турасында кезінде бірнеше мәрте хабарлаған болатынбыз. Бұл жайында alif.tv ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат