Мектеп бітірушілер бал кастюмінен неге бас тартты?
Мектеп бітірушілер бал кастюмінен неге бас тартты?
8 жыл бұрын 3189

Сербияның Пирот қаласындағы гимназия бітірушілері мектеппен қоштасу кешінде киіп шығуы тиіс кастюм алудан бас тартты. Қайырымдылық шараларына жұмсау үшін. «Сенің бес минуттық жарқырап жүргенің – біреулердің тұтас өмірі болуы мүмкін» деген атпен ұйымдастырылған акцияға осылай үн қатуда. «Бір кигеннен кейін кимеуім мүмкін қымбат кастюм алуға жұмсайтын ақша мұқтаж жанның қажетіне керек болып қалар», - деді түлектердің бірі Брана Костич. Мектеп бітірушілер өздерінің бұл қадамы кейінгілерге үлгі болса дейді. Нәтижесінде, мектеп бітірушілер жинаған қаржы сырқаты ауыр науқастардың отбасыларына табыс етілді. 

0 пікір
Мұрағат