Меккеде қауіпсіздікті қамтудың ең ірі орталықтарының бірі ашылады
Меккеде қауіпсіздікті қамтудың ең ірі орталықтарының бірі ашылады
8 жыл бұрын 2347 inform.kz

Сауд Арабиясының ІІМ Мекке провинциясында Таяу Шығыстағы ең ірі заманауи командалық қауіпсіздік орталығын іске қосуға дайындалып жатыр.

Қазір жолдағы қауіпсіздік орталығы істеп тұр. Бұл орталықты 2015 жылы мұрагер ханзада   Мұхаммед бен Наиф, Королдіктің  вице-премьері және ішкі істер министрі бірге іске қосқан.

Сауд Арабиясы Корольдігінің ІІМ Бірлескен қауіпсіздік шараларының ұлттық орталығын басқаратын және онда жұмыс істейтін 1600-ден астам офицер мен қатардағы жауынгерді дайындады. Орталық қызметкерлері ағылшын тілін меңгерген. Бұл үшін олар шетелден арнайы оқулардан өтті.

Қауіпсіздік орталығының ерекшелігі - 18000 бақылау камерасының болуында.

Бұл шаралар қажылық кезінде мұсылмандардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылданып отыр. 

0 пікір
Мұрағат