Марокко эко-мешіт құрылысын қолға алды
Марокко эко-мешіт құрылысын қолға алды
8 жыл бұрын 3272 ummet.kz

Марокко корольдігі Ислам істері жөніндегі министрлігі 2019 жылдың наурыз айында ел аумағында 600-ға жуық эко-мешіттер бой көтеретін мәлімдеді. Ал жүзге жуық мешіт құрылысы осы жылдың соңына дейін басталады.

Эко-мешіттер немесе «жасыл мешіттер» толықтай күн қуаты арқылы жұмыс істейтін болады.

Елдің Қоршаған орта министрі Хаким әл-Хаят экология тазалығы үшін күресте ислам танымына үлкен сенім артып, маңызды міндеттер қойып келеді. Мәселен, өткен жылы климатты жақсарту мақсатында әрбір саналы мұсылман баласын қоршаған ортаны қорғауға шақырған Ислам декларациясы қабылданды. 

0 пікір
Мұрағат