Мағрыб елі құрғақшылықтан қатты зардап шегуде
Мағрыб елі құрғақшылықтан қатты зардап шегуде
13 күн бұрын 420 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биыл, яғни, 2024 жылы жаһандық жылынуға байланысты қалыпты құбылысқа айналып бара жатқан құрғақшылықтан Марокко ауыл шаруашылыққа жарамды, яғни, егістік алқаптарының 20 пайызынан айырылатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған араб елінің ауыл шаруашылық министрі Мұхаммед Садық мәлімдемесіне жөн сілтеген Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің дерегінше, құрғықшылыққа байланысты Марокко 2,5 млн гектар егістігінің 20 пайызынан айырылады. Оның айтуынша, биыл 2023 жылмен салыстырғанда егістік ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 31 пайызға қысқарған. Марокко бесінші жыл қатарынан қатты құрғақшылықтан зардап шегіп отыр. Құрғақшылық – аталған елдің жалпы ішкі өнімінің негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласына тікелей төніп тұрған ең ауыр қатерлердің бірі.

0 пікір
Мұрағат