Мадагаскарда мұсылмандар қарасы шапшаң көбейіп келеді
Мадагаскарда мұсылмандар қарасы шапшаң көбейіп келеді
7 жыл бұрын 3175 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресми статистикалық мәлімет бойынша 2010 жылы Мадагаскарды мекен ететін халық саны 25 млн адамға жеткен. Оның 1,1 пайызын мұсылман жамағаты құраған екен. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 15 пайызға артқан. Яғни, санаулы жылдардың ішінде Үнді мұхитындағы және Африка құрлығына жақын осынау аралда мұсылмандар қатары едәуір қалыңдаған. Мадагаскардың Жан-Жак Ревана есімді 49 жастағы тұрғыны "Анадолы" ақпарат агенттігінің тілшісіне хақ жолға қалай түскенін баяндап берді: осыдан 15 жыл бұрын ол христиан болған және католиктер шіркеуіне жиі бас сұғып тұрған. Тек мұнымен ғана шектеліп қалмай, өзге әлемдік діндерге ден қойып, зерделеуге кіріскен. "Ислам діні мені тілмен айтып жеткізгісіз әсерге бөледі, мен иман келтірген мұсылман болдым",- деді жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, исламда бәрі қамтылған, тек ақырет қана емес, әлеуметтік мәселе де шет қалмаған. Исламның керемтеттігі сонда. Сөз реті келгенде айта кету керек, 2050 жылға қарай әлемдегі исі мұсылман 2,76 миллиард адамды құрайды. Яғни, жер планетасы тұрғындарының 29,7%-ын құрайды.

0 пікір
Мұрағат