Латынамерикалықтар исламға ұмтылуда
Латынамерикалықтар исламға ұмтылуда
8 жыл бұрын 4083

29 жастағы тіс дәрігері Альфонсо Флорес Америкадағы испан тілінде жұмыс істейтін бірден-бір жалғыз «CentroIslámico» мешітіндегі жамағаттың қолын алып, құшағына көміліп, шаттана күледі. Өйткені, ол жаңа ғана тілін кәлимаға келтіріп, яғни, шәһадат айтып, исламды қабылдады. Бұл жамағаттың арасында колумбиялық, пуэрто-рикандық, мексикалық, кубалық мұсылмандар бар болатын. «Біз бір отбасы секілдіміз»,- деді Нью-Джерси қаласының тұрғыны, тегі пуэрто-рикандық Ана Ортиз. Ол меймандарға өз елінің атынан тігілген шатырда дәм ұсынып, жамағатқа қызмет етіп жүр. АҚШ-та 55 млн латынамерикалық тұрғын бар. Олардың 3 млн-ға жуығы тура жолға түскен. Яғни, аталған елде 30 000-нан 300 000-ға дейінгі аралықта латынамерикалық мұсылман өмір сүруде. «Бұрын біз әр жердегі мешітте бас қосатын едік. Содан соң бірігіп, бәріміз бас қосатын орын ашуымыз керек деп шештік. Онда латынамерикалықтар исламды зерделеуі тиіс», - деді Магидель Моррис. «Латындықтар исламды білгісі келеді. Кейде олар мешітке бас сұққанымен ағылшын тілін білмегендіктен ешкіммен сөйлесе алмайды», - деді испан тіліне аударылған қасиетті Құран даналарын жұртқа таратып жүрген Джалиль Наварро. Осы мешіттің іргетасын қалаған «Испан тіліндегі ислам» деп аталатын ұйымды Жайма Флетчер есімді колумбиялық мұсылман құрған болатын. «Біз өзіміздің наным-сенімімізді өзгерттік, алайда, мәдениетімізді сақтап қаламыз», - деді Мексика байрағымен түстес шариғат шәлісін жамылған Магидель Моррис.

0 пікір
Мұрағат