Күлкіге айналдыру - киберкеңістіктегі қылмысқа жатқызылады
Күлкіге айналдыру - киберкеңістіктегі қылмысқа жатқызылады
6 жыл бұрын 2341 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияда ғаламтор пайдаланушылары "қоғамдық тәртіпті бұзатын", яғни, өалыптасқан қоғамдық жүйеге қарсы контент жарияласа, таратса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе аса ірі мөлшерде, нақтырақ айтқанда, үш млн риал (шамамен 800 мың доллар) айыппұл төлеуі ықтимал. Бұл жайында bloomberg ақпарат агенттігі хабар таратты. "Қоғамдық жүйені, діни құндылықтарды қозғайтын әрі бұзатын, сондай-ақ, күлкіге айналдыратын әлеуметтік желі арқылы контент жариялағандар, таратқандар бұдан былай киберкеңістікте қылмыс ретінде саналатын болады",- деп жазыпты Саудиялық прокуратура Twitter әлеуметтік желісіндегі хабарламасында. Аталмыш ақпарат көзі осылай дей келе соңғы кезде тақ мұрагері Мұхаммед салман ас-Саудтың билікті сынға алғандарға қарсы қатаң шаралар қолдана бастағанына алаңдаушылық білдірген. Ондаған діни қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері, бизнесмендер, қоғамдық белсенділер қамауға алынып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат