Көшедегі көңілсіз көріністің астарында не жатыр? (фото)
Көшедегі көңілсіз көріністің астарында не жатыр? (фото)
8 жыл бұрын 5227

Жакарта қаласының шығыс бөлігіндегі аудандарда адамдар әлі күнге лашық-күркелерде күнелтуде. Бір қарағанда онда тұрған дәнеңе жоқ секілді: жартылай қираған, қаңыраған тұрғын үйлер үрей шақырып, көше кезген қаңғыбас қайыршылар аяныш тудырады. Бұл маңға аяқ басқан туристерді аш-жалаңаш, үйсіз-күйсіз балалар қоршап алып, күс басқан алақандарын жаяды. Ол ештеңе емес-ау, назар салып қарасаңыз, ерекше көрініске куә боларыңыз анық: көшенің қақ ортасында бір қарағанда балалардан еш айырмашылығы жоқ бәкене бойлы сұлбаларды байқайсыз. Маймылды адамша киіндіріп, маска тағып қойған. Немесе әр тұстан жансыз қуыршақтарды ұшыратуға болады. Осы көрініс арқылы туристерді тартуды көздейді. Туристер көп болған сайын түсетін тиын-тебен де көп болады. Осылайша үйсіз-күйсіз балалар мен қайыршылар жан бағады.

обезьяны 1

 

обезьяны 2

 

обезьяны 3

0 пікір
Мұрағат