Корейлердің климат өзгерісінен төнетін қауіпке қарсы айрықша жобасы (фото)
Корейлердің климат өзгерісінен төнетін қауіпке қарсы айрықша жобасы (фото)
2 жыл бұрын 1865 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті


Оңтүстік Кореяда Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен суда қалқымалы қала салынады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде OCEANIX компаниясының баспасөз релизіне жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген "Арабияда жаңғыртпалы энергия көзінен қуат алатын, суда қалқымалы қала салынады" (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/arabiyada-jangyrtpaly-energiya-kozinen-quat-alatyn-suda-qalqymaly-qala-salynady-video-16060/#gsc.tab=0) материалымызда осындай жобаның басталғанын жария еткенбіз. Алайда, араб жеріндегі жобаның корей түбегіндегі жобадан мақсаты жағынан, экономикалық мүмкіндігі жағынан да айрықшаланатынын айтып өтпекпіз. Мұндай жоба не үшін керек, жаһандық жылынудың салдарынан мұздақтар еріп, әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп келеді. Жағалаудағы елдер мен арал мемлекеттер су астында қалу қаупі зор. Оңтүстік Корея түбекте орналасқандықтан су астында қалу қаупі жоғары аймақта. Дәлірегі, қала әлемнен оқшау қалса да өз-өзін ауызсумен әне азық-түлікпен толық қамтамасыз ететін, тұрақты экономикасы бар, энергияны өзіі өндіретін арал ретінде алға шығады. Бұл қалқымалы қаланың теңіздегі дауылдан немесе цунамиге байланысты әлемнен оқшауланып қалғанда өз-өзін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Платформадағы торлар теңіз жануарларын қамап ұстау үшін пайдаланылады, ал аквапоникалық жүйе балық қалдығын өсімдік тыңайтқышына айналдыруға мүмкіндік бермек. Пусан қаласының билігі мен БҰҰ-Хабитатт (БҰҰ-ның елді-мекен жөніндегі бағдарламасы) және OCEANIX компаниясы осынау өзгеше жобаны жүзеге асыру үшін келісім-шартқа отырды. Бүгінде әлем бойынша әрбір бес адамның екеуі жағалаудан 100 шақырым қашықтық шегінде өмір сүрып жатыр. Мұхит деңгейінің көтерілуі таяу болашақта климаттық босқындар қарасын арттыруы мүмкін. Ал әлемдегі мегаполистердің 90%-ы ағалауға ақын жерде орналасқан. Климат дағдарасына байланысты суға тосқауыл қою ең қиын әрі машақаты көп міндет. Корейлер осыны ескеріп, сумен күрескенше онымен үйлесімде өмір сүруді қолай көріп отыр – бұған экономикалық және технологиялық әлеуеті толық жетеді. OCEANIX қаласы – алты бұрышты платформа. Алты бұрышты болатын себебі мұндай форма ең тиімді сәулет үлгісі ретінде қабылданады: кеңістіктен де, материалдан да үнемдеуге мүмкіндік береді. Қала платформасы әкпен нығайтылады, бұл материал бетонға қарағанда екі-үш есе берік. Бұл материал суасты минералына электр тогымен әсер ету арқылы жасалады. Уақыт өте келе ол қатайа бермек. Әзірге қаланың дизайны әзірленген жоқ. Бұдан бөлек, қалқымалы қаланың көлемі мен аумағы да бекітілген жоқ. Жобаның алдын ала есептелген құны шамамен 200 млн доллар. Жоба құрылысы үш жылға жоспарланып отыр.

0 пікір
Мұрағат