Кедейлікпен күрес орманның заңсыз оталу деңгейін 30%-ға кемітті
Кедейлікпен күрес орманның заңсыз оталу деңгейін 30%-ға кемітті
4 жыл бұрын 3402 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезия тұрғындарының саны 270 млн-ға таяп қалды. 90 пайызға жуығын мұсылмандар құрайтын аталған ел тұрғындарының дені кедейлік қамытын киген. 2007 жылы ел билігі әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға белгілі бір шартпен ақшалай, дәрі-дәрмек және азық-түлік түрінде жәрдем көрсетуге бағытталған бағдарлама қабылдаған болатын. Осыған байланысты күнкөріс қамы үшін орман-тоғайды заңсыз отау саябырсыған болатын. Кесілген ағаштарды сатып әрі мал ұстау үшін оталған орман аумағын жайылымға айналдырып келген еді. Аталмыш бағдарлама қабылданған жылы тропикалық орман-тоғай аумағы бойынша әлемде үшінші орында тұрған болатын. Осы бағдарлама өз нәтижесін берді. Жасанды жер серігінің, яғни, спутниктердің көмегімен алынған мәліметті зеределеген Сингапур ұлттық университетінің мамандары содан бері орман-тоғайдың заңсыз оталуы 30%-ға азайғанын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат