Католик шіркеуі азғындыққа "рұқcатын берді"
Католик шіркеуі азғындыққа "рұқcатын берді"
5 ай бұрын 759 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сенім доктринасы жөніндегі католиктік дикастерия діни қызметкерлерге бір жынысты жұптарға батасын беруге рұқсат беретін декларация шығарды. Аталмыш құжатты Рим Папасы Франциск мақұлдады, деп хабарлады Ватикан доктриналық департаменті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде vaticannews.va сайтына жөн сілтеген daily.afisha.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Fiducia supplicans» декларациясында діни қызметкерге келіп, «бата» сұраған ерлі-зайыптыларға, тіпті, «ерлі-зайыптылардың жағдайы христиандық нормаларға сәйкес келмесе», соның ішінде бір жынысты жұптарға да батасын бере алатыны айтылған. Декларацияда шіркеудің некеге қатысты доктринасы өзгермейтіні және бата беру мүмкіндігі шіркеудің бір жынысты некені мақұлдайтынын білдірмейтіні айтылған. Құжатта шіркеудің жалпы бата сұраушылардан «моралдық кемелдікке» жетуді талап етпейтіні атап өтілген. Осы орайда католик шіркеуі трансперсондар мен гомосексуалдарға шоқыну жөн-жоралғысына қатысуға рұқсат бергенін де айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат