Каспи теңізінде алғашқы жасанды арал салынады
Каспи теңізінде алғашқы жасанды арал салынады
3 жыл бұрын 2838 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран Каспи теңізінде алғашқы жасанды арал салуға ниеттеніп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы apa.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жасанды арал Парсы елінің Мазендеран провинциясындағы Ноушеһр айлақты қаласында салынады. Тиісті құрылысқа лицензия беріліп те қойды. Ноушеһр ауданының жетекшісі Әлі Амани жасанды арал құрылысына мемлекеттік және жеке инвесторлар тартылатынын жеткізді. Жағалаудан 1 шақырым қашық салынатын жасанды арал аумағы 18 гектар болмақ. Жасанды аралда 300 аттракцион, 5 жұлдызды қонақ үй, теңіз өнімдерінен ас әзірлейтін мейрамхана, сауық-сайран саябағы, спорт кешені, т.б. мәдени-бұқаралық нысандар тұрғызылады. Осы орайда Қарт Каспидің суы бес елдің, атап айтқанда, Иран, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Ресей жағалауын шайып жатқанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат