Жүргізушісіз басқарылатын әскери машина көрсетілді (видео)
Жүргізушісіз басқарылатын әскери машина көрсетілді (видео)
5 жыл бұрын 3357 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германияда Raytheon және Rheinmetall компаниялары құрастырған, қашықтан басқарылатын, өздігінен оталып жүретін әскери машина көрсетілді. Бұл жайында Warspot ақпарат көзі хабар таратты. Lynx деп аталатын немістердің бұл әскери техникасы Optionally Manned Fighting Vehicle (OMFV) бағдарламасы аясында жасалған болатын. Аталмыш әскери техника белсенді қорғаныс кешенімен, үшінші буын көздегіш нысанасымен, кешенді кибер қорғаныс жүйесімен, т.б. жабдықталған. Бұл әскери техниканы қашықтықтан да, ішінде отырып та басқаруға болады. Ұзындығы 7,73 метрге жететін, ені 3,6 метрді құрайтын, биіктігі 3,3 метрлік, салмағы 38 тонна тартатын әскери машинаның ішіне үш экипаж мүшесі және қаруланған алты жаяу құрлық әскерінің сарбазы еркін сиып кетеді. Кейін жетілдірілген нұсқасында корпусы кеңейтіліп, жаяу құрлық әскерінің сегіз десантына шақталатын болады.

0 пікір
Мұрағат