Жұмыссыздық деңгейі ең төмен ел белгілі болды
Жұмыссыздық деңгейі ең төмен ел белгілі болды
7 жыл бұрын 4386 egemen.kz

Чехияда жұмыссыздықтың деңгейі 4,9%-ға төмендеді. Бұл Еуроодақтағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлады РИА «Новости» ақпарат агенттігі.

«Республикадағы жұмыссыздық деңгейі қараша айында 4,9%-ды құрады, сондай-ақ тіркелген жұмыссыздар саны 363 мың адамға дейін төмендеді. Бұл 2008 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары 135,3 мыңға жетті. Осыған байланысты, Чехия статистика бойынша Еуроодақта жұмыссыздық деңгейі ең төмен ел атанды», – делінген хабарламада.

Ал жұмыспен қамту басқармасының жетекшісі Катержина Садилкова тұрақты жұмыс орны жоқ тұрғындардың қиындығын шешу үшін тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді. Дегенмен, көптеген фирмалардың басшылары «жұмыс істегісі келмейтін адам ғана жұмыссыз жүреді», дейді.

0 пікір
Мұрағат