Жеребе тасталды
Жеребе тасталды
9 жыл бұрын 5881

Қажылыққа қатысты енгізілген квотаға байланысты Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Арсланбоб ауылдық елді-мекеніндегі «Актайлык-Ата» мешітінде қасиетті сапарға аттанғысы келетіндер үшін электронды жолмен жеребе тасталды. Мәселен, Базар-Коргон ауданында 143 адам тілек білдірсе, квота бойынша тек солардың 63-і ғана қасиетті сапарға аттану мүмкіндігіне ие болды. Ал Арсланбоб ауылдық елді-мекенінде 49 адам тіркелген, бөлінгені 28 квота. Қажылық істері жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Зәмір қажы Бәкиев жеребе тастау шарасын қолға алу себебін былай түсіндірді: «Әрбір азамат қажылыққа бару құқығына ие, сол себепті, біз электронды жеребе шарасын қолға алдық».

0 пікір
Мұрағат