Жазасын өтеушілерге демалыс берілетін болды
Жазасын өтеушілерге демалыс берілетін болды
5 жыл бұрын 1662 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан билігі түрлі қылмыс жасап, түрмеде отырған жазасын өтеуші тұтқындарға жалақы алуға, психологиялық көмек алуға, ашық аспан астында заңға қайшы келмейтін қалаған ісімен айналысуға, сондай-ақ, демалыс алуға рұқсат берді. Бұл жайында алашапанды ағайындардың әділет министрлігінің  ресми Telegram-арнасында айтылған. Аталмыш министрлік жазаны орындау жөніндегі түзету мекемелердің ішкі тәртібінің ережесіне енгізілген өзгерістер тізімін жариялады. Бұдан бөлек, дерті жанына батқан науқастарға дәрігердің кеңесімен және нұсқауымен қосымша туыстарымен жүздесуге, телефон арқылы тілдесуге мүмкіндік берілмек. Бұған қоса, жаңа ережеде қарастырылған талаптарға сәйкес әр алты ай сайын тұтқын медициналық тексеруден өтіп тұруы тиіс. Жазасын өтеуші өзінің өтініші бойынша да мед.тексеруден өте алады. Осылайша өзбек билігі қылмыстық атқару жүйесін ізгілендіру саласында тек рақымшылық шараларымен шектеліп қалмады. 

0 пікір
Мұрағат