Жапондық ғалымдар болаттан да берік әйнек жасап шығарды
Жапондық ғалымдар болаттан да берік әйнек жасап шығарды
9 жыл бұрын 4044 ҚазАқпарат

Техникаға зерек жапондықтар осы жолы аса берік әйнек шығаруды қолға алды, деп хабарлады http://globalscience.ru.

Мұндай әйнек, шойыннан да, болаттан да берік. Осы жаңа технология одан әрі әртүрлі салаларда осындай материалдарды қолдануға мүмкіндік бермек.

Бұл жасалыммен Жапония көптен бері айналысып келе жатқан болатын, ол еркін саудаға бес жылдан кейін ғана шығарылмақшы. Жаңа материал әртүрлі салада қолданылатын болады. Мәселен, беріктігі жоғары әйнек жабын ақылды үйлер - HMPS құрылысында пайдаланылатын болады. Сондай-ақ смартфондар мен планшеттер де шетте қалмайды.

Мұндай дисплейді сындыру мүмкін емес. Сондықтан да жаңа жасалымды автомобиль жасауда да пайдалану жоспарда бар, сонда жол-көлік апаты едәуір азаймақ. Өндірістік кәсіпорындар, авиа және ғарыш, медицина, жаңа технологиялар және басқа да салаларда оған деген сұраныс күшті болмақ.

Токио университетінде жасалған әйнек болаттай берік болуымен қатар жеңіл және жұқа түрде өз қасиетін жойған жоқ. Жаңа материал өндірісінде алюминий оксиді мол пайдаланылған, ол әйнектің механикалық беріктігін арттыра түседі. 

 

0 пікір
Мұрағат