Жанартаудан лава қалай алынады (видео)
Жанартаудан лава қалай алынады (видео)
9 жыл бұрын 3390

Гавай аралдарындағы жанартау обсерваториясы жариялаған бейнеролик оны көрген жұртты таңқалдырады. Мұнда температурасы анау-мынау емес, Цельсий бағамы бойынша 1400 градус болатын лаваны жанартау бөктерінен жинап жатқан ер адам бейнеленген.  Егер мұқият қарасаңыз, геолог лаваны тас балғамен алып, шелектегі суық суға батыра қояды. Бұл лаваны кристалданудан сақтайды. Шелекке салынған лава салдарынан судың әп-сәтте қайнағанын көріп, оның абайсыз қимылдап қалған вулканологтың өмірі мен денсаулығына қаншалық қауіпті екендігін сөзсіз түсінуге болады. Бірге тамашалайық! Mirfactov.com дереккөзінен дайындаған: Г.Абилова

0 пікір
Мұрағат