Жан толқытар қауышу таспаға тартылып қалды (видео)
Жан толқытар қауышу таспаға тартылып қалды (видео)
4 жыл бұрын 2611 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пандемияға байланысты бір ай шамасында анасын көрмеген алты жастағы қыздың анасымен қауышқан сәті таспаға тартылып қалды. Бұл жайында New York Post ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің жазуынша, Өзге Кошак жұқпалы індетке шалдыққан науқастар емделетін емханада жұмыс істейді. Қызына індетті жұқтырып алудан қорыққан ол Караман қаласында тұратын атасы мен әжесіне аттандырған болатын. Өзге Кошакқа бір апта демалыс беріледі. Осы сәтті асыға күткен ол қызына жол тартады. Анасы мен қызының қауышқан сәтін туыстары таспаға тартып алған екен.

 

0 пікір
Мұрағат