Жалғызілікті егде адамдардың үйі «ажал детекторымен» жабдықталады
Жалғызілікті егде адамдардың үйі «ажал детекторымен» жабдықталады
3 жыл бұрын 1510 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қартаю процесі қарқынды жүріп жатқан Жапонияда R65 inc. жылжымайтын мүлік агенттігі жалғыз тұратын егде астағы адамдардың пәтерін «ажал детекторы» деп аталатын, нейрожелі негізінде жұмыс істейтін құрылғымен жабдықтайды. Көп жағдайда жалғыз өмір сүретін адамдардың қаза тапқанын бірталай уақыт өтіп кеткенде біліп жатады, мүрде иісінен немесе оны арнайы іздегенде. Ал аталмыш құрылғы адамның тірі немесе демі таусылғанын дер уақытында анықтап отырады. Бұл жайында islam.kz порталы Vice ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ел арасында «кодокуси» деп аталып кеткен әлеуметтік феноменмен күресетін болады. «Кодокуси» термині жанында басын сүйейтін ешкімі болмай өмірден өтіп кеткен адамдарға қатысты қолданылады. Бір ғана 2018 жылы Токио қаласында осындай 5513 өлім фактісі анықталған болатын. Әдетте үйін жалға берушілер мен риелторлар жасы 65-тен асқан қарттарға үйін жалға беруден бас тартып жатады. Осындай себеппен. Ал қарт адам демі таусылып, мәйіті ұзақ жатып қалса, мүрденің иісі мен еденге сіңіп қалған еті аққан дағынан ондай пәтердің жалдау ақысы 20%-ға дейін түсіп кетеді. R65 inc жылжымайтын мүлік агенттігінің бұл шешімі өз кезегінде үйін жалға беретіндерді әлгіндей қолайсыздықтан құтқарады. Бұл құрылғы тың тыңдайтын немесе бейне бақылау камерасымен жабдықталмаған, есесіне, электр энергиясын пайдалану арқылы адамның тірі немесе өлі екенін анықтай алады. Гер аталмыш жүйе 20 сағат бойы қандай да бір тіршілік белгісін байқамаса, телефон арқылы хабарласуға тырысады. Егер үйдегі адам телефон тұтқасын көтермесе, келіп тұрып тексеріп кетеді.

0 пікір
Мұрағат