Жаһандық проблеманы шешуге қанша қаражат кететіні есептелді
Жаһандық проблеманы шешуге қанша қаражат кететіні есептелді
8 ай бұрын 826 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға дейін атмосфераға бөлінетін ластаушы заттар деңгейін нөлге түсіру үшін әрі ауа температурасын Целсия бойынша 1,5 градустан ары көтермеу үшін жыл сайын 2,4 трлн доллар шамасында қаражат қажет. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Wood Mackenzie консалтингтік компания сарапшыларының есебіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірқатар мемлекет жаһандық жылынуға байланысты апаттың алдын алу үшін атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды азайтуға қатысты міндеттеме алғанымен әлемнің көптеген елі бұл бастамадан тысқары қалып қойды. Бұл жайт өз кезегінде 2050 жылға дейін атмосфераға бөлінетін, климат дағдарысына себеп болып отырған парникті газдарың деңгейін төмендету міндетінің үддесінен шығуға кедергі келтіреді. Сарапшылардың пікірінше, жаһандық энергетика секторын көміртектен ада ету үшін жылына 1,9 триллион доллар инвестиция қажет. 2050 жылға қарай жаһандық жылынуды 1,5 градусқа дейін шектеу үшін инвестиция 150 пайызға немесе жылына 2,7 триллион долларға артуы керек. Дегенмен, осы инвестициялардың төрттен үш бөлігін қолданыстағы энергия жүйелерін жаңғыртуға және жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін жаңа инфрақұрылымды салуға қайта бағыттау қажет.

Ұқсас материал:

«Жаһандық проблеманы еңсеру үшін Үндістанға 12,7 трлн доллар қаржы керек» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-problemany-enseru-ushin-undistanga-127-trln-dollar-qarjy-kerek-19082/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат