Жаһан: Канададағы ең жойқын орман өрті Форт Макмюррей қаласын күлге айналдырған (видео)
Жаһан: Канададағы ең жойқын орман өрті Форт Макмюррей қаласын күлге айналдырған (видео)
8 жыл бұрын 3404 inform.kz 24.kz nv.ua

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Альберта провинциясындағы Форт Макмюррей қаласына барып қайтты. Ел тарихындағы ең жойқын орман өрті бұл шаһарды күлге айналдырған. Ал 90 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір олар уақытша лагерьлерде тұрып жатыр. Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі: - Шамамен 2400 ғимарат түгелімен өртеніп кетті, тағы да бес жүздей үй бүлінген. Қазір алдымызда тұрған басты мақсат – қаланы қайда және қашан қайта салуды анықтау. Бұл жұмыс тек басталып жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, көшірілген халықты орналастыру жоспарын дайындаудың өзіне бір аптадай уақыт қажет. Ал тұрғындардың туған қаласына қайтуына еш мүмкіндік жоқ. Мұнда өрт дүркін-дүркін қайталанып жатыр. Тілсіз жаудың кесірінен аймақтағы мұнай өндіретін кәсіпорындардың тең жартысы жұмысын тоқтатқан.

Бангладеште найзағайдан 50-ден аса адам қаза тапты (видео)

Соңғы екі күнде Бангладеште найзағайдан елуден аса адам қаза тапты. Олардың көбі күріш егістіктерінде жұмыс істеген шаруалар. Сондай-ақ ел астанасы Даккада футбол ойнап жүрген екі студентке жай түсіп, ажал құшқан. Манго жемістерін жинаған тағы бір жасөспірім де қаза тапты. Жалпы елдің 15 ауданында найзағайдан жүзден аса тұрғын үй қирап, көптеген адам ауыр жарақат алған. Бангладеште жиі жауын жауып, күн күркірейді. Бірақ биыл жай түсіп, найзағай ойнайтын жағдайлар әдеттегіден көп. Мамандар бұл ауа райының жылуы және ормандардың оталуымен байланысты жағдай, - дейді.

АҚШ-та әуе шоуы кезінде ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты - ВИДЕО

Сенбі күні АҚШ-тың Джорджия штатының Атланта қаласы маңында әуе шоуы кезінде шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты. Көрермендер жапа шеккен жоқ. Бұл туралы CNN телекомпаниясы хабарлады. «Ұшақ екіге бөлінді, алдыңғы бөлігі отқа оранды», - дейді куә болғандар. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шұғыл жетті, алайда ұшқышты ажалдан арашалап қала алмады.

0 пікір
Мұрағат